Талғар полицейлері 32 жастағы азаматты өлтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ІІМ мәліметінше, 24 қаңтар сағат 13:48 шамасында Талғар ауданы полициясына оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.
“Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. 1990 жылғы күдікті, Талғар ауданының тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды”, – делінген хабарламада.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.