Өскеменде екі мыңнан астам тұрғын ауызсусыз қалды

Сырым Қаржас
РИА Новости

Өскемен қаласында екі мыңнан астам тұрғын ауызсусыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

18 қаңтар кешкі сағат 23:00-дегі мәліметке сәйкес, қаладағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінде бірқатар авариялық жағдайлар тіркелген. Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр.

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Таңертең Мирный ауылы аумағында суық су апатты түрде өшірілді. Ақау салдарынан көпқабатты және жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ мектеп уақытша сусыз қалды. Тұрғындар үшін су тасымалы ұйымдастырылып, өтінімдер тәулік бойы қабылдануда.

Сол күні түнгі сағат 02:00-де Карбышев және Виноградов көшелерінде тағы бір апат тіркелді. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, суды қосу бүгін, 19 қаңтар күні таңертең жоспарланып отыр.

Айта кету керек, Геологиялық көшесіндегі бір үйде ПИК тарапынан әрекет болмағандықтан, мәселені «Водоканал» бригадасы өз күшімен шешіп, жертөледегі жабдықты ауыстырды. Қазіргі таңда су беріліп тұр.

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Меновное кенті мен Колхозная көшесінде болған электр жарығы өшіп, қайтадан қосылған. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.