Қостанай облысында анасы мен 6 жасар баласы өрттен қаза тапты

Ulysmedia

Қостанай облысы Құсмұрын кентіндегі жеке үйлердің бірінде 34 жастағы әйел алты жасар ұлымен бірге өрт құрбаны болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер 26 қаңтар күні сағат 09:09-да шақырылған. Жеке тұрғын үй өртенді.

«Сағат 09:17-де өрт сөндірушілер оқиға орнына келді. Құтқарушылар 15 шаршы метрді құрайтын қонақ бөлмедегі жиһаздың барлығы жанып кеткенін анықтады. Үйден газ баллоны шығарылды. Өрт салдарынан 34 жастағы әйел мен оның алты жасар ұлы қаза тапты», - деп хабарлады ТЖД.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қазіргі уақытта өрт орнында өрт зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бұл факті бойынша полицейлер мәйіттердің табылуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын ғана хабарлады.