Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны өңірдегі перзентхана қызметкерінің әрекеттері туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оның сөзінше, Құрманғазы аудандық перзентханасында Лариса есімді педиатр аналардан ақша жинайтын көрінеді.
- “Сенің балаңда сарауру бар, балаңның басы қысылып туған” деп босанған аналарды перзентханадан шығармайды. Оның “ставкасы” 10 мың теңге дейді. Баласының денсаулығы болып тұрса да шығармайды екен. Содан медбикелер келіп аналарға “10 мың теңгеден Ларисаға жинап беріңдер” дейді екен. Аналар сол ақшаны беруге мәжбүр. Бұл не масқара?, – дейді тұрғын.
Оның сөзінше, бұл мәселе бұған дейін де көтерілген.
- Мұның артында кім тұр? Тізімде тұрған науқастардың тегін дәрілерін ала алмайды, егіз туған аналар сүтін ала алмай жүр. Тіпті аурухананың санитарлық қызметкерлері бір жыл бойы денсаулық жағдайына байланысты шығатын ақысын ала алмапты. Құзырлы органдар қайда қарап отыр? Ақмарал Әлназаров, денсаулық сақтау басқармасы, прокуратура қайда қарап отыр? Өмірімізді сеніп тапсырған ақ халатты дәрігерлердің істеп отырғаны мынау, – дейді атыраулық тұрғын.
Бұл мәселенің мән-жайын анықтау үшін жергілікті құзырлы органдарға сұрау жолдадық.