Ақтөбеде ақталған шенеунік қайтадан сотқа тартылды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Ақтөбеде қала әкімдігі аппаратының бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Ісембайұлына қатысты іс қайта қаралады. Бұған дейін ол ақталған, алайда бұл шешімнің күші жойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға 2022 жылдың күзінен бері қаралып келеді. Тергеу нұсқасына сәйкес, шенеунік жер мәселесін шешіп беремін деп, 3 миллион теңге сұраған. Ақша делдалдар арқылы беріліп, кейін оның кабинетіне жеткізілген.

Ал Ісембайұлы тағылған айыптарды жоққа шығарады. 2025 жылы сот дәлел жеткіліксіз деп танып, оны толық ақтаған еді.

ШЕШІМНІҢ КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ

Алайда бұл үкім кейін күшін жойып, іс қайта қарауға жіберілді. Енді оны облыстық сот қарайды.

Бұған дейін айыптаушы тарап шенеунікке 5 жыл бас бостандығынан айыру және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салуды сұраған.