Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы «Вечерная Караганда» басылымына сілтеме жасап.
Ақпаратты Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Түлеубаев растады. Оның айтуынша, пара сомасы бір миллион теңгені құраған.
«Факті болды. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс тергелуде, ол әлі аяқталған жоқ. Бізде Қылмыстық іс жүргізу кодексінде 201-бап бар, ол бойынша әзірге тиісті ақпарат беруге құқығымыз жоқ», - деді ол журналистерге брифингте.
Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 101-орында екені белгілі болды.