Су тасқыны: Ұлытау облысында 4 мыңға жуық адамның өміріне қауіп төніп тұр

Ulysmedia

Облыстық төтенше жағдайлар министрлігі өңір тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ведомство мәліметінше, әсіресе Жаңаарқа ауданындағы Сарысу өзенінде су деңгейі көтерілсе, зардабы орасан болуы мүмкін.

“1 наурыздан бастап департаментте облыстық азаматтық қорғау жүйесінің барлық салаларының жұмысын толық үйлестіретін жедел штаб құрылады. Қызыл судың алдын алу үшін департаментте 34 бірлік арнайы техника дайын тұр”, – деп хабарлады төтеншеліктер.

Топан су басқан жағдайда халықты эвакуациялау үшін 42 бекет, сыйымдылығы 12 адам болатын 2 шатыр, 376 төсек және 161 төсек-орын дайындалыпты. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де аймақ тұрғындарына ескерту жасаған.