Мәслихат сайлауы: үміткерлер ұлытаулықтардың мәселесіне құлақ түрді

Ulysmedia

Сайлау алды үгіт-насихат шарасы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Жезқазғантүстімет» ӨБ мамандандырылған құрылыс-механикалық басқармасында өтті.

Бүгін "AMANAT" партиясының Ұлытау облыстық филиалынан барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт шарасы мамандандырылған құрылыс-механикалық басқармасында өтті. Депутаттыққа кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, оларды "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Бұл бағдарлама өңірдің өзекті мәселелерін талдап, зерделеу нәтижесінде құрастырылған құжат екенін айтты.

Басқосу барысында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырып жүрген мәселелерін көтерді. Соның бірі - Жезқазған-Сәтбаев қалалары арасында қатынайтын қоғамдық көліктері жұмысының жүйесіздігі. Автобустардың кестеге сай жүрмейтіндігінен көршілес кеншілер қаласынан келетін қызметкерлер жұмысқа кешігіп, сөгіс алатындарын жасырмады. Одан кейін жылдар бойы шешімін таппай келетін мәселе - қаңғыбас иттер. Бос жүрген ит ойына келгенді істейтіні белгілі. Одан бөлек, күл-қоқыс аралап, түрлі аурудың таратушысына айналатыны анық. Ұл-қыз өсіріп отқан әке мен ана, ата мен әже балаларын далаға шығарудан қалғандарын айтып, налыды. Сонымен қатар, өндіріс қызметкерлері кандидаттарға саяси додада сәттілік тілеп, олардың тың идеяларын қолдайтындарын жеткізді.

Аталмыш кездесуге Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттағына бір мандатты  округ бойынша кандидат Светлана Жумкина, Гүльмира Қаженова, Олжас Саухимов, партиялық тізім бойынша үміткерден Досхан Сәкен, Николай Распопов, Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттағына бір мандатты аумақтық сайлау округі үміткер Қанат Мусин қатысты.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді