Елдің төрт аймағында шаруалар жайылым жер таппай отыр

Ulysmedia

Елімізде мал басы жылдан-жылға өсіп келеді. Өңірлерде жайылып жер тапшылығы арта түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауовтың дерегінше, жеке қосалқы шаруашылықтарда жайылымға жататын 5,7 млн шартты бас ауыл шаруашылығы жануарлары бар. 

17 облыстың 15-інде жайылым тапшылығы орын алып отыр. Әсіресе Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстары тапшылықты сезінуде. Өткен жылы мемлекетке 5,35 млн гектар пайдаланылмаған және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды. Бұл ретте, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылары 2 млн гектар алаңда өз учаскелерін игеруге кірісті. Ғарыштық мониторинг деректері бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға тағы 12,9 млн гектар пайдаланылмай жатқан және 8,1 млн гектар ұтымсыз пайдаланылған алқаптар анықталды, – дейді министрдің орынбасары.

Бекбауов биыл тағы 5 млн гектар жерді мемлекеттік меншікке қайтару көзделіп отырғанын жеткізді.

jerkarta.gharysh.kz интерактивті картасы әкімдікке ауыл шаруашылығы жерлеріне өтініш беру үшін бағдарға айналды. Сондай-ақ ол жер учаскелерімен махинациялық процестерді болдырмауға мүмкіндік береді, - деді ол.