Шектен шыққандық: Шымкент учаскелері сайлаудан бір күн бұрын дауыстарды "санап қойған"

Ғалиасқар Думан

Сайлаудан бір күн бұрын Шымкентте шу шықты. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған фотолар мен аудиожазбаларға сүйенсек, қалада сайлау басталмай тұрып сайлаушылардың дауыстарын санап қойған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

әлеуметтік желіден

Шымкенттің бірнеше сайлау учаскелерінің осындай хаттамалары әлеуметтік желілерде тарады.

Желі қолданушыларды мұны шектен шыққандық деп бағалап, және қатысушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеді.

Үміткерлердің бірі Амалбек Өмірбай оқиға туралы пікір білдірді. ОЛ сайлау адал өтуі тиіс екенін атап өтіп, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді.

Айта кетейік, 18 наурызда Қазақстанда тыныштық күні болды.

Бүгін ел тұрғындары Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды. 

Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.