Депутат Сайыров Петропавл атауын Қызылжар деп өзгерту жөнінде пікір білдірді

Аян Өрібай

Ерлан Сайыровтың айтуынша, Павлодар немесе Петропавл атауын өзгерту мәселесін қарау ең бірінші кезекте сол өңірдің мәслихатының құзырына кіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Қызылжарды ес білгеннен Қызылжар деп атаймын. Өйткені кеңестің жазушылары, Сәбит Мұқанов Қызылжар деген үлкен өлең жазған. Ал енді ресми жағдайға келер болсақ, ол сол жердегі мәслихаттың құзыреті. Өйткені құқықтық мемлекетте тұрғандықтан, әр мәселені құқықтық дәрежеде шешу керек», - дейді ол мәжіліс кулуарында.

Депутат Павлодардың атауын Кереку деп өзгертуді қолдамайтынын, Кереку деген көпес болғанын айтады.

«Қаныш Сәтпаев, Шәкен Айманов бар. Сондай бір дұрыс атты пайдалануға болады. Меніңше, бұл да сол жергілікті мәслихаттардың жергілікті қоғамның жұмысы. Парламенттік деңгейде ондай ұсыныстар жасалмайды», - дейді ол.