Әйелін өлтіріп, қызына оқ атқан адам 23 жылға сотталды

Ulysmedia

Қызылжарда әйелін өлтіріп, қызы мен жиеніне  оқ атқан ер адам сотталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

astanatv.kz-ның мәліметінше, қанды оқиға  Тимиряз ауданында болған.  Отбасылық мереке  кезінде  ішімдік ішкен отағасы жанжал шығарған. Әйелі қызының үйіне кетіп қалады. Ізінше 58 жастағы ер адам мылтық пен пневматикалық тапанша алып, сонда барады. Өз сөзін өткізе алмаған соң,  әйелін сол жерде атып тастайды. Қызы мен 12 жасар жиеніне де оқ жаудырған. Жарақат алған олар дәрігерлердің дер кезінде көрсеткен көмегінің арқасында аман қалды. Қазір  ауруханада ем  алып жатыр.

«Глушков Юрий Александрұлын бірнеше қылмыстық заңбұзушылығы үшін 23 жылға бас бостандығынан айырылсын. Оған 10 жылға ұстаздық қызметті және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеуге тиым салынған. Сотталушы қылмыстық-атқару жүйесінің қатаң түрдегі мекемесінде жазасын өтесін», - дейді СҚО Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сергей Викторенко.