Маңғыстауда су неге қымбат – маман жауабы

Қымбат Елтайқызы

ИИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов бұған дейін Маңғыстау облысында қала халқы 100 пайыз сумен қамтылған деген болатын. Дегенмен ол кейінірек бұл өңірде су тапшы әрі қымбат екенін растады. Маман су тапшылығы мен қымбатшылығының себебін түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

фото: Ашық дереккөзден

«Баршаға белгілі, Маңғыстау облысында су тапшы. Бүгін облыс суды «Астрахань-Маңғышлақ» топтық су құбырынан алады. Сосын Каспий суын тұщыландыру арқылы алады, және аз ғана жерасты суы бар. Маңғыстауда неге су қымбат?  Облыс теңіз жағасында болғанымен, су көп болғанымен, теңізді тұщыландыру – өте қымбат процесс. Жаңа зауыт салудың өзі де өте қымбат. Күнделікті эксплуатациясы бар. Сондықтан оны қайтарымы болу керек. Сол себептен тариф қымбат боп тұр», - деді Шаханов ОКҚ брифингі барысында.

Осыған дейін ол «ауызсумен 94% қамтылдық, бірақ 1-2 сағатқа ғана су берілетін ауылдар бар» деп те айтқан еді.