Petrosun компаниясынан 500 млн теңге айыппұл өндірілді

Ғалиасқар Думан

Алматы қаласының прокуратура «Petrosun» ЖШС қызметінен үстемдік жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталғанын хабарлайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Прокуратураның тексеруі барысында серіктестік монополиялық жағдайын теріс пайдаланып, жекелеген субъектілерге бензин мен дизель отынын сатуды негізсіз шектегендігі анықталған. Бұл ӘҚБтК-нің 159-бабы талаптарына қайшы келеді.

– Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бәсекелестік саласындағы уәкілетті орган өңделмеге қатысты кірістің 5% мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен серіктестік әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - делінген хабарламада.

Апелляция сот шешімін өзгеріссіз қалдырғаннан кейін 542,9 млн теңге мөлшеріндегі айыппұлдың барлық сомасы мемлекет бюджетіне төленген.