Сотқа жететін істің саны өте аз: Годунова аудиторлық тексерістердің нәтижесі жайлы

Аян Өрібай

Аудиторлар тапсыратын бес материалдың тек біреуіне ғана байланысты сот шешімі шығарылғаны хабарланады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Pixabay

Жоғары аудиторлық палата басшысы Наталья Годуновадан аудиттен кейін кәсіпорын басшылары үшін қандай да бір жауапкершілік бар-жоғын сұралды.

– Әрине, жауапкершіліктің үш түрі бар: тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік. Біз қатаң сөгіс жасап, жұмыстан шығаруды талап етеміз. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрген жерде материалдарды құқық қорғау органдарына береміз.

Өкінішке қарай, сотқа өте аз іс жетеді. Көп іс тоқтайды.

Берілген бес материалдың тек біреуі бойынша ғана сот шешімі шығарылды. Олар бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деді Годунова.

Айта кетейік, бұған дейін жоғары аудиторлық палатаның басшысы Наталья Годунова "Қазсушар"кәсіпорнын сынға алған болатын.