Қытай жарты жыл ішінде Қазақстанға қанша қаржы құйды

Ulysmedia

Қытай биылғы бірінші жарты жылдықта Қазақстанға $41,9 млрд инвестиция құйды, бұл Қазақстан ЖІӨ-нің шамамен 19%-на сәйкес келеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz ЕАДБ  дерегіне сүйеніп.

trans.info

Қазақстандағы Қытайдың тікелей инвестиция көлемі Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) ауқымды жобаларына байланысты. CNPC экономикаға шамамен 37,4 млрд доллар, Қазақстандағы ҚХР инвестициясының 89% құйып отыр.

Бұл жобаларға тоқталсақ:

Ақтөбе облысында көмірсутек шикізаты кен орнын игеру (Инвестициялар $13,3 млрд астам)

Қазақстан-Қытай газ құбырының қазақстандық аумағы бойынша құрылысы ($16,3 млрд)

Маңғыстау облысындағы мұнай кен орындарының бір бөлігі ($2 млрд)

Шымкент МӨЗ 50% ($1,6 млрд).

2023 жылы іске асырылып жатқан ірі жобалардың қатарында - Jiaxin International resources Investment компаниясының Алматы облысында вольфрам кен орындарын игеру және тау-кен байыту комбинатын салу жобасы ($270 млн), Жамбыл облысында қытайлық Spic компаниясының жел электр станциясын салу ($130 млн) жобалары бар. Ал China National Vehicle Import&Export компаниясы автомобиль өндірісін жолға қойып, жыл сайын $40 млн қаражат құймақшы.