Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов 2024 жылғы қаңтарда Қазақстан экономикасының өсім қарқыны төмен болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Үкімет отырысы барысында ұлттық экономика вице-премьер – министрі Нұрлан Байбазаров қаңтар айындағы экономиканың өсім қарқынының қорытындысы туралы айтты. Ол қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсім қарқыны 3,9% құрағанын хабарлады.
– Нақты сектордағы өсім 3,8%, ал қызмет көрсету саласында 3,5% құрады. Салалар арасында құрылыс 12,8%, көлік және қоймалау 11,4%, ақпарат пен байланыс 10,6%, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі 6,9% өсімді көрсетіп отыр, - деді министр.
Премьер-министр Олжас Бектенов биылғы жылдың бірінші айы төмен көрсеткіштермен басталғанын және оны мойындау қажет екенін айтты.
– Біздің алдымызда экономиканың кем дегенде 6% өсуін қамтамасыз ету міндеті тұр", - деді министрлер кабинетінің басшысы.
Премьер отандық өндірушілерден мемлекеттік сатып алуды жұмылдыру және олардың толық орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін мәлімдеді. Салалық мемлекеттік органдар, ұлттық экономика министрлігі басшысының айтуынша, барлық қолда бар резервтерді ескере отырып, аталған бағыттар бойынша жұмыс жүргізуі қажет.