Елімізде азық-түлік бағасы бір жылда 1,2%-ға қымбаттаған

Ulysmedia

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде өзгеріссіз қалды, жылдық мәнде 1,2% өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Еліміз бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

  • Сиыр еті – 2523 тг/кг;
  • Айран 2,5% – 416 тг/л;
  • Сәбіз – 170 тг/кг.