Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448– 453 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 450,5 – 452,7 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 448 – 453 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 1 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 450,61 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,97 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,87 – 4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,83 - 4,98 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 29 ақпан күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,44 теңгеге төмендеп, 450,65 теңге болған.