Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Ulysmedia

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 449– 454 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Ұлттық банктің 4 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 451,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,94 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449 – 454 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 452 – 453 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,78 – 4,95 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 1 наурыздағы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,50 теңгеге қымбаттағанын хабарлаған болатынбыз.