БЖЗҚ биылғы екі айда қандай кіріс әкелді

Ulysmedia

2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілік деңгейі 1,91%-ды құрады. Мұны қор инвесторының IPS үзіндісінің деректері дәлелдейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: mail.kz

Қаңтар айының соңында бұл көрсеткіш 0,61 пайыз болды.

Бұл ретте жыл басынан бері инфляция деңгейі 1,9 пайызды құрады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 9,8% болғанда 10,11%-ды құрады. Жеке басқарушы компаниялар арасында жылдағы табыстылық бойынша ең жақсы нәтиже 17,2% болды.

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің ұзақ инвестициялық көкжиегі бар екенін және инвестицияның негізгі мақсаты ұзақ мерзімді перспективада нақты табыстылық алу болып табылатынын атап өтеді.