Қазақстан жол жөндеу үшін Еуразиялық даму банкінен несие алады

Қалижан Бектемір

Қазақстан Алматы облысындағы үш жолды жөндеуге Еуразиялық даму банкінен несие алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ФОТО YVISION.KZ

Көлік министрінің міндетін атқарушы Сәтжан Әблалиев бір топ мәжілісменнің сауалына берген жауабында осылай деді.

Көлсай көліне шығатын «Көкпек – Кеген – Түп», «Кеген – Нарынқол және Жалаңаш» – «Саты – Құрметі» жолының республикалық маңызы бар үш учаскесі жөндеуді қажет етеді. Ведомство басшысының айтуынша, биыл Алматы облысында 30 шақырым жолды жөндеуге шамамен 2,58 миллиард теңге бөлінгенімен, бұл учаскелер тізімге енбей қалған.

Барлық өңірлерде жолдарды қайта жаңарту және жөндеу бойынша толық ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бюджеттік қаражаттың шектеулі болуына байланысты барлық жобаны бір уақытта жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл учаскелерді жөндеуге қаржы бөлу мәселесі шешілетін болады. Алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде ескеріледі, - деді С. Әблалиев.

Оның айтуынша, әзірге бұл аумақтарда жолды жөндеу жұмыстары ғана – шұңқырларды жөндеу, таңбалау, белгілер орнату жүргізіледі.