Қазақстандағы орташа жалақы көлемі белгілі болды

Ulysmedia

Ұлттық экономика бюросы Қазақстандағы орташа айлық жалақының ағымдағы мәліметтерін ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бюро мәліметінше, Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың жалпы саны – 3 975 641 адам.

Биыл жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 382 279 теңгені құрады.

Оқи отырыңыз: Қазақ жұмысшыларына үш есе төмен жалақы төлейді немесе батыстағы наразылықтардың себебі неде

Ол есептелген еңбекақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады, - делінген түсініктемеде.