Шағым жиі түсетін Air Astana-ның табысы ұлғайды

Сырым Қаржас

Air Astana әуе компаниясы 2024 жылдың бірінші жарты жылдықтағы қызметінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

КОМПАНИЯНЫҢ ЕСЕБІ

Air Astana тобы тұрақты қаржылық және операциялық көрсеткіштерді көрсететін 2024 жылдың бірінші жарты жылдықтағы қызмет нәтижесін жариялады. Тасымалданған жолаушылардың жалпы саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,6% өсіп, 4 млн адам болған. Түсім және өзге де кірістер бір жолғы баптарды есептемегенде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,9% -ға өсіп, 586, 2 млн АҚШ долларына жеткен. Былтыр бұл кезеңдегі табыс 519, 1 млн АҚШ долларын құраған.

ҚАНША ҰШАҚ ҚОСЫЛДЫ

2024 жылдың бірінші жарты жылдығында ішкі және таяу өңірлік нарықтарға қызмет көрсету үшін тар фюзеляж флотына басымдық беріп, алты әуе кемесі әуе паркті толықтырған. Компания әуе паркінің көлемі жоспардан оза отырып, 2023 жылдың соңындағы 49 ұшақтан есеп беру кезеңде 54 ұшаққа дейін ұлғайтқан. Жыл соңына қарай әуе паркті бастапқы жоспармен салыстырғанда тағы үш ұшаққа ұлғайтуды жоспарлап отыр (49-дан 56-ның орнына 59-ға дейін). Әуе паркті оңайлату екі Embraer E2 ұшағын лизинг берушiге қайтаруды сәуір айына және есепті кезеңнің соңынан шілде айының басына ауыстыру арқылы жеделдетілген.

ӨЗГЕ ДЕ КІРІС

Біржолғы баптарды1 есептемегенде түсім мен өзге де кіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6% өсіп, 321,4 млн АҚШ долларды (2023 жылғы екінші тоқсан: 285,4 млн АҚШ доллар) құрады.

ШАҒЫМДАР

Еске сала кетейік, таяуда Air Astana әуе компаниясының бортсеріктері мас деп санап, рейске бойжеткенді кіргізбей қойып шу шыққан еді.  Оның алдында жолаушылар су тасқыны кезінде Air Astana Атыраудан Астанаға әуе билетінің тым қымбаттап кеткенін айтып шағымданған. Одан бөлек, қазақстандықтардың жеке деректерінің таралып кетуіне байланысты компаниялардың тізімінде де Air Astana аталған.

«ҚАЗАҚСТАНДА ТАПҚАН АҚШАСЫН ЛОНДОНДА ЖҰМСАЙДЫ»

Мәжіліс депутаты Асқар Садықов «Air Astana» әуе компаниясына тиесілі ұшақтардың Қазақстанда емес, Ирландияда тіркелгенін айтып, премьер-министрке депутаттық сауал жолдаП, компания басшысы Питер Фостерге шүйліккен. Депутат «Air Astana» басшылығының еуропалық тіркеуден өткеннен кейін ғана әуе компаниясына батыс елдеріне ұшуға мүмкіндік береді деген уәждеріне негіз жоқ деп санайды. Сондай-ақ компанияның құрылғанына ширек ғасыр уақыт өткенін және осы екі онжылдықта Азаматтық авиация комитеті барлық қажетті мәселелерді әлдеқашан пысықтауы керек екенін атап өтеді. 

Ал таяуда Питер Фостер отбасымен Лондонға көшіп баратыны хабарланды.