Қор нарығында доллар қайта қымбаттап жатыр

Қалижан Бектемір

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,48 теңгеге көтеріліп, 479,08 теңге болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 тамыздағы ресми бағамы долларға – 475,7 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 478,40 теңгені, сатылымы 480,07 теңгені құрап отыр.

Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 475,97 теңгеден сатып алынып, 479,98 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салсақ, Қазақстан қор биржасындағы 21 тамыздағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 475,7 теңге болған еді.