Қоғамдық дәретхана иелеріне ай сайын 83 мың теңге төленеді

Ulysmedia

Келесі 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық дәретхана иелеріне мемлекеттен қосымша ақы төленеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі осындай ереже қабылдап отыр. Қажетті шешімді әкімдіктер жанынан құрылатын арнайы комиссиялар қабылдамақ.

Өтемақы алу үшін дәретхана иелері бірқатар құжатты ұсынуы тиіс: 

  • Кәсіпкерлікті растайтын құрылтайшылық немесе басқа да қағаздар көшірмесі;
  • Дәретхана қожайыны (меншік иесі) екенін растайтын құжаттар көшірмесі;
  • Дәретхана орнатылған жер теліміне иелік айғағы;
  • Бекітілген тәртіптегі өтініш үлгісі.

Нәтижесінде, санитарлық-гигиеналық торапты субсидиялау туралы оң шешім қабылданып жатса, дәретхана иесіне ай сайын 83 300 теңге төленіп отырады.