Қазақстанда не себепті ең төменгі жалақыны көтермейді

Аян Өрібай
Ұлысмедиа коллажы

Вице-премьер Серік Жұманғарин Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтерсе, оның бірқатар салдары болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖҰМАНҒАРИН НЕ ДЕЙДІ

«Ең төменгі жалақыны көтеру жөнінде әртүрлі теориялар бар. Экономика дегеніміз – теориялар ғылымы. Ең төменгі жалақы көтерілсе, өндіріс шығындары арттып, тұтыну секторына қосымша ақша келеді. Ал бұл ертең сұранысқа, инфляцияға тікелей әсер етеді. Сондықтан мұндай мәселелерге өте сақ қарау қажет. Бұл жерде ұзақмерзімді корреляция жоқ, дегенмен әртүрлі экономикалық мектептер арасында белгілі бір өзара байланыс бар деген пікірлер айтылады», – деді Жұманғарин.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалатыны, яғни 2029 жылға дейін 85 мың теңге деңгейінде сақталатыны хабарланған еді.