Қазақстан Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың қарыздары туралы мәліметтерді кредиттік есептерден Мемлекеттік кірістер органдарына беру тәртібін бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жаңа ереже активтері, міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті және коллекторлық немесе микроқаржы ұйымдарына берешегі бар азаматтарға қатысты болады.
Құжаттың қолданылу мерзімі – 2025 жылдың 10 қарашасынан 31 желтоқсанына дейін.
Ережеге сәйкес, Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қарашасына дейін есепті жылдың 31 желтоқсанына декларация тапсыруға міндетті жеке тұлғалардың тізімін қалыптастырады.
Одан кейін он күн ішінде МКК қарызгерлер тізімін кредиттік бюроларға жолдайды.