Қазақстанның сыртқы қарызы 8,73 трлн теңге немесе 15,9 млрд доллар болды. Ал жалпы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз көлемі 37,94 трлн теңгеге (69,14 млрд доллар) жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қаржы министрлігінің қазан айындағы деректеріне сүйене отырып.
ҚАРЫЗ
Nege басылымының жазуынша, осы соманың ішінде:
3,66 млрд доллар – Халықаралық қайта құру және даму банкінен алынған қарыздар;
1,46 млрд доллар – Азия даму банкінің несиелері;
65,1 млн доллар – Еуропа қайта құру және даму банкінің қарыздары;
49,1 млн доллар – Ислам даму банкінің несиелері;
908,6 млн доллар – Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі алдындағы берешек;
764,4 млн доллар – Ресей нарығында орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар.
ҮКІМЕТТІҢ ҚАРЫЗЫ
Қаржы министрлігінің мәліметінше, үкіметтің өз қарызы 33,95 трлн теңге немесе 61,86 млрд доллар шамасында.