Қазақстанда жаңа қаржы органы құрылды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес ресми түрде құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мәліметінше, мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес реттеуші органның Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп құрылған. Кеңес 2025–2027 жылдары жүргізілетін жұмыстар аясында макроэкономикалық саясаттың теңгерімділігін арттыру мақсатында жасақталған.

— Кеңестің қызметі мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының тереңдігін, өтімділігін және тиімділігін арттыруға, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін мемлекеттік қарыз алу құнын төмендетуге ықпал ететін шараларды қалыптастыруға бағытталады, — деп түсіндірді Ұлттық банк өкілдері.

Кеңес мемлекеттік қарызды басқару және бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша келісілген шешімдер қабылдап, ішкі және сыртқы нарықтарда мемлекеттік облигациялар шығару саясатын айқындайтын болады.