Ulysmedia.kz тілшісі туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтан мемлекеттің спортқа бөлінетін қаражаты қаншалықты қысқаратынын сұрады.
ТОҚАЕВ НЕ ДЕП ЕСКЕРТТІ
Осы аптада үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев үкіметке бюджет қаражатын үнемдеп, тек өзекті мәселелерге жұмсауға тапсырма берген еді. Мемлекет басшысы “үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет” деген. Білікті мемлекеттік қызметкерлер ел экономикасын тұралап қалудан сақтауы керек екенін атап өтіп, қазір күрделі кезеңде мемлекеттік аппараттың тиімділігі алғы шарттың бірі екенін мәлім еткен.
МЫРЗАБОСЫНОВ МҰНЫ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕДІ
Біз енді әр бағытта мемлекеттің қаражатын үнемдеу бағытында жұмыс атқарып жатырмыз. Кеше ғана мәжілісте біздің спорт бағытындағы заңнамамыз екінші оқылымнан өтті. Өзіңіз білетіндей, біз легионерлерді бюджеттен енді қаражат бермейміз. Ол бір. Одан бөлек басым спорт түрлерін, Олимпиадаға енетін спорт түрлерін анықтап жатырмыз. Елдің имиджін қалыптастыратын спортқа қаражат бөлеміз. Тек Олимпаиада, Азия ойындарына, Паралимпиада спорт түрлеріне. Мұның бәрі үлкен үнемделу. Бұл бүгінгі күні біздің балаларымызға, инфрақұрылымға, инвентарьға бөлінеді, – дейді Мырзабосынов.
Министрдің айтуынша, қазір мониториң тобы талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нақты қаншаға қысқаратынын Мырзабосынов айта алмады. “Ол сандарды кейін береміз, қазір нақты сандарды талдап, қарап жатырмыз” деп жауап берді