Агенттіктің сайты 22 қарашада түстен кейін жұмыс істемей қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– 22 қарашада түстен кейін біздің сайт жұмыс істемей қалды. Біздің IT-мамандар мәселені әдістеме тұрғысында зерттеп, тек қазір, кешке қарай біз сайтқа қуатты DDoS шабуылдар жасалғанын анықтадық, - делінген мәлімдемеде.
Редакция сайтқа жасалған, сөз бостандығына қарсы бұл шабуылдарды Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты жарияланған резонансты материалдармен байланыстырады.
– Бірақ мұндай жайттар ондаған жылға созылса да, олар бізді мұқата алмайды! ҚазТАГ қоғамды толғандыратын тақырыптар жайлы қалам тербеуді жалғастырады! Әріптестеріміз бен оқырман ретіндегі достарымыздың, сондай-ақ ұйымшыл ұжымның арқасында біз рухымызды және жауынгерлік көзқарасымызды сақтаймыз және болашаққа оптимист көзімен қараймыз. Біздің IT мамандарымыз тіпті проблемамен айналысқан кезде шаштары ағарғанын айтып, қалжыңдап жатыр. Бірақ олардың ағарған шашы біз үшін алтыннан қымбат. Олардың осындай қағілез еңбегі біздің еліміздің жарқын болашағына қосқан үлесі деп білеміз, – делінген мәлімдемеде.
Редакция оқырманға алғыс білдіреді. Күні бойы көп адам қоңырау шалып, қолдап жатқанын атап өтеді. "Қазақстанда сөз бостандығын жеңу мүмкін емес!" деп аяқтайды мәлімдемесін редакция.
Еске сала кетейік, биыл 18 қаңтарда Ulysmedia.kz сайтына да қуатты DDoS-шабуыл жасалып, бас редактор Самал Ибраева мен оның отбасының жеке деректері жарияланған еді. Сайт басшысы полицияға арыз жазып, қылмыстық іс қозғалған.
Кейін Қазақстандағы тағы бірнеше журналиске әртүрлі деңгейде шабуыл жасалған. Кейін оларды кім ұйымдастырғанын полиция анықтап, күдіктілерді анықтаған. Таяуда оларға үкім шықты. Алайда ұсталып, сотталғандардың ешбірі бас бостандығынан айырылған жоқ.