Қостанайда бұрынғы судья жемқорлық үшін сотталды

Ғалиасқар Думан

Ол кәсіпкерден пара талап етті деп айыпталып, ұсталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Қостанай қалалық сотында бұрынғы судья Асқар Дарбаевқа қатысты үкім шықты.

Ол кәсіпкер Михаил Корнеевтен 19 миллион теңге талап етті деп айыпталған. Экс-судьямен бірге делдал да ұсталды.

Бұрынғы судья 9 жылға сотталды. Делдал бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Жалпы Қазақстанда судьялардың басы дауға қалғаны тіркеліп жатыр. Бұған дейін Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген ер адамды жеңіл үкіммен босатқан аудандық соттың бұрынғы төрағасы Нұрғазы Шетеновтың қызметінен босатылғаны хабарланған еді.

Еске сала кетейік, Нұрқазы Шетенов аудандық соттың басшысы қызметінен кетті. Шетеновтің қандай себеппен өтініш бергені нақтыланбаған.

Алайда шілде айында Жоғарғы Сотта Шетенов соттың төрағасы қызметінен босатылатынына сендірген. Тексеруден бір жарым ай өткен соң, ол өзі өтініш берді.

Таразда судьяның бірі 2 миллион пара алды деп айыпталғаны белгілі болды. Фариза Өтешева сотталушыдан оның өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айырумен қатысы жоқ жазаны тағайындағаны үшін ақша алған.

Талдықорғанда судья мас күйінде көлік жүргізгені үшін тексеріліп жатқаны жөнінде де ақпарат тарады.