Халық санағынан онлайн өту мүмкіндігі енді қайта қолжетімді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Санақтан онлайн өту мүмкіндігі тоқтаған соң еліміздің барлық өңірінен, әсіресе қалалардан онлайн санақ функциясы мерзімін ұзарту туралы көптеген өтініш түсе бастады. Осыған байланысты sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама функциясын қайта қосу туралы шешім қабылданды, дейді ұлттық статистика бюросы.
Санақ сауалдарына арнайы sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталы арқылы тіркеліп немесе Aitu мобильді қосымшасы арқылы жауап беруге болады. Онлайн өту мүмкіндігі халық санағы аяқталғанға дейін қолжетімді болмақ.
1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн-санақ функциясын азаматтардың 40 пайызға жуығы пайдаланған. 1 қазанда интервьюерлер үй-үйді аралауды бастады. Олар қазірдің өзінде 5938259 адамға сауал жүргізді. Онлайн өткен респонденттер келген хабарламаны интервьюерлерге көрсетуі тиіс. Олармен сауалнама қайта жүргізілмейді.