"Бірде бір әйел жоқ". ҚМДБ басшылығының құрамы сынға ұшырады

Ulysmedia

ҚМДБ басшылығында бірде бір әйел жоқ. Бұған мұсылмандарының рухани басқармасы назар аударуы керек деп жазады дінтанушы Елнар Берікбаев.

ulysmedia

Оның сөзінше, ҚМДБ құрылымында көптеген әйел теологтар бар. Олар ақида мен фиқһ мәселелерінде ерлерден кем түспейді. Әйелдер деструктивті діни ағымдардың құрбандарын оңалту, құран оқуға және араб тіліне үйрету бойынша үлкен жұмыс жүргізеді.  

«ҚМДБ басшылығының арасында әйелдер бар ма?  Мені осы қызықтырады. Ол үшін ҚМДБ сайтына кіру жеткілікті. ҚМДБ жоғары басшылығының арасында (мүфти орынбасарлары мен оның кеңесшілері – 6 адам) - бірде-бір әйел жоқ. ҚМДБ-ның 18 бөлімінің басшыларының арасында ер адамдар ғана. Ғұламалар Кеңесінің 18 мүшесінің ішінде әйелдер жоқ»,- деп жазады Берікбаев. 

Дінтанушы жақын арада бұл олқылықтың орны толады деген сеніммен,  ҚМДБ басшылығына үндеу жасады.

«Қазақстан Мұсылмандарының рухани басқармасына жүгінгім келеді. Жүздеген қыз Нұр-Мүбаракта және ҚазҰУ-да "Исламтану" мамандығы бойынша білім алды, білім алып жатыр.

Олардың көпшілігі эрудит, бірнеше тілде сөйлейді. Олардың мамандығы бойынша мансап құруға, Қазақстан мұсылмандарының негізгі мәселелерін шешуге қатысуға мүмкіндігі бар ма?  

Мен басшылықта әйелдердің болмауы ҚМДБ -ның қасақана ұстанымы екеніне сенгім келмейді және жақын арада біздің қыздарды басшылық құрамның арасында көремін деп үміттенемін»,- деп түйіндейді өз ойын дінтанушы.