Елімізде 600 адам ата-ана құқығынан айырылды

Ulysmedia

Былтыр елде бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 6 мыңнан астам адам профилактикалық есепке алынған, деп хабарлайды ulysmedia.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

сурет ашық дереккөзден

Арнайы комиссия оларға қатысты 1800 істі қарады. Соттың шешімімен 600 адам ата-ана құқығынан айырылды. Тағы 340 адамның құқығы шектелген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі брифингте айтты. Ведомство өткен жылдың соңында мемлекеттік органдармен бірлесіп, жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу және көмек көрсету әдістемесін жасапты. Соның аясында олардың қауіпсіздігін қамту шаралары күшейтіліп жатыр.

- Жасөспірімдер арасында бопсалауға қатысты 40 дерек анықталды. Әр өңірде зорлық-зомбылықпен күресу және алдын алу үшін әкімдіктер жанынан ведомствоаралық мобилді топтар жұмыс істейді. Соңғы 10 жыл ішінде кәмелет жасқа толмағандарға қатысты құқықбұзушылық деректері 3 есе азайды. Олардың қауіпсіздігі одан әрі басты назарда болады, - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов.