Залал – 63 373 356 теңге: Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға іздеу жарияланды

Ulysmedia

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2019-2022 жылдары Қызылорда қаласы мен облысы аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша 1990 жылы туған Алмас Жұбанаевқа іздеу салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Ол Instagram желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адам тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.

Жәбірленушілердің жалпы саны – 59 адам, келтірілген залал сомасы – 63 373 356 теңге.  

Егер сіз іздеуде жүрген адамның тұратын жері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, төмендегі телефондарға хабарлауыңызды сұраймыз: 8-775-125-55-54 8-701-527-10-45, – делінген хабарламада.