Қазақстанда кедейлер саны көбейіп кеткен

Қалижан Бектемір

Ұлттық статистика бюросы жүргізген үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша 2022 жылдың үшінші тоқсанында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (кедейшілік деңгейі) төмен халықтың үлесі 5,3%-ды (1 034 700 адам) құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасында 2022 жылдың үшінші тоқсанында жан басына шаққандағы орташа айлық ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 671 теңгені құрады.

Кедейлік деңгейі бойынша мына аймақтар көшбасшы болып отыр:

Түркістан облысы – 9,1%;

Маңғыстау – 8,8%;

Шымкент – 7,2%.

Дүниежүзілік банк мамандары 2020 жылдан бері жүргізетін «Қазақстанды тыңдау» ай сайынғы сауалнамасына сәйкес, 2022 жылдың тамызында өзін кедей санатқа жатқызған халықтың үлесі 23 пайызды құрады. Оның үстіне 2020 жылдың желтоқсан айында бұл көрсеткіш 14 пайызды құрады.

Осыған байланысты Дүниежүзілік банк сарапшылары кедейліктің жаңа анықтамасын енгізуге кеңес береді, ол халықтың кедейлік деп түсінетініне дәлірек сәйкес келеді.