Биыл елімізде көмір бағасы қымбаттап кетті

Ulysmedia

Көмір бағасы ШҚО-да бірден 11%, Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарында 7-9% қымбаттаған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

energyprom.kz-ның мәліметінше, Қазақстанда көмір өндіру бір жылда 2% өсті.
Өнірілген көмірдің жалпы көлемінің 76,1 млн тоннасы тікелей тас көмірдің үлесіне тиді, бұл өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 2%-ға артық.

Қазақстанда 2021 жылдың қыркүйек айының соңында көмір бағасы орта есеппен 5,1% өсті. Бағаның өсуі екінші жыл қатарынан байқалуда.

Бағаның қымбаттауы еліміздегі 17 өңірінің 14-інде байқалды, әсіресе Шығыс Қазақстан облысы (жылына 10,8%-ға) мен Жамбыл және Түркістан облыстарында (8,6%-ға) ерекше байқалады. Көмір бағасы төмендеген жалғыз аймақ – Батыс Қазақстан облысы (1%-ға).

Еске сала кетсек, бұған дейін Өскеменде көмір алуға бірнеше күн кезекте тұрған ер адам өзін өртеп жібермек болғаны туралы жаздық. Осындай әрекет жасаған Ұлан ауданының тұрғынына 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.