Қазақстанда қанша отбасы жетім балаларды асырап алды

Ғалиасқар Думан

Қазақстанның Үкіметі елдегі балалар құқығының қорғалуын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту бағытында есеп берді. Ресми мәліметтер халықаралық балалар күніне орай жарияланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда қанша бала бар?

Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда бүгінгі таңда 6,8 млн бала тұрады. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істейді. Еліміздің 20 облысында балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер тағайындалған. Оқу-ағарту министрлігінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Осыған ұқсас 235 комиссия жергілікті деңгейде де жұмыс істейді.

Жылына 1 мыңнан астам жетім баланы отбасылар қабылдайды

Қазақстанда 21 387 ата-анасы жоқ баланың 17 660-ы қазақстандық отбасыларда тәрбиеленіп жатыр. Жыл сайын Қазақстан азаматтары өз отбасыларына 1 мыңнан астам жетім баланы қабылдайды.

Елде балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітіліп, оған бірқатар маңызды бастамалар енгізілген. Төтенше жағдайларда балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа ден қою алгоритмдері бойынша ұсыныстар әзірленді. Республикамызда 14 психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді.

«Бала құқықтары туралы» және «Білім беру туралы» негізге алынатын құжаттарды қоса алғанда, Қазақстанның ұлттық заңнамалық базасы – бұл балалардың берекелі әрі қауіпсіз балалық шағы құрылатын құқық қорғау алаңы.

Жайлы мектеп

Жоба бойынша 2024-2025 жылдары 740 мың оқушы орнына арнап 369 мектеп ашу жоспарда бар. 1 қыркүйекке дейін 98 мектеп, 2024 жылдың соңына дейін – 110, қалғандарын 2025 жылдың соңына дейін ашу көзделген.

Жайлы мектептерде оқу-тәрбие процесін сәтті жүзеге асыру және ұйымдастыру үшін жаңа форматтағы басшылар белсенді түрде дайындалып жатыр. Дарынды балаларды мемлекеттік қолдау оқушыларды да, педагогтарды да жоғары жетістіктерге жетелейтіні сөзсіз. Биыл алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтті. 1 мың бала өздерін жоғары республикалық деңгейде көрсете алды.

Балабақша

Сонымен қатар республикада мектепке дейінгі ұйымдардың бірнеше түрі жұмыс істейді. Олардың саны қазірдің өзінде 11,5 мыңға жетті, оларда 1 миллионға жуық бала тәрбиеленуде. 2025 жылға дейін бүкіл Қазақстан бойынша балабақшалар салу және қайта жаңғырту есебінен 300 мың жаңа орын ашу жоспарланған. Осы жылдың соңына дейін 77,3 мың жаңа орын іске қосылады.

Бүгінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 91,5%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған, кезекте тұрғандар саны – 107 мың. Мектеп жасына дейінгі балаларды есепке алу, кезекті орталықтандыру және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру үшін Бірыңғай деректер базасы кезең-кезеңімен енгізілуде. Бұл отбасының өмірлік жағдайын ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымға ашық кезекке тұруды қамтамасыз етеді. 

Инклюзивті білім

Сонымен қатар бүгінде мектептердің 86%-ында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған. Жыл сайын арнайы оқу ұйымдарының желісі кеңейіп келеді. Осындай 500-ге жуық нысан ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қызмет түрін көрсетеді. Еліміздің 4 өңірінде мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту ұлғайтылды, бұл 2 мың баланы қамтыды. Мектептерде 1051 инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті жұмыс істейді. 2,5 мыңнан астам педагог-ассистенттер оқушыларға оқу бағдарламасына және мектепке бейімделіп, әлеуметтенуіне көмектеседі.

Қосымша білім

Тағы 3 млн бала қосымша біліммен қамтылды. 2023 жылы балалардың өзін-өзі дамытуы үшін 2 балаларға білім беру орталығы (ББО) және 9 оқушылар сарайы пайдалануға берілді, ауылдық мектептерде 16 комьюнити-орталық ашылды. Балаларды сауықтыру және олардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді, оның шеңберінде 50 ББО мен 100 жаңа ірі қосымша білім беру нысандарын құру жоспарланған.