Қазақстан-Ресей шекарасын кесіп өткен ауғандықтар ұсталды

Ulysmedia

Батыс Қазақстан облысы аумағы арқылы Ресейге өтіп кеткен ауғанстандық тоғыз азамат шекараны заңсыз кесіп өткен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

«Мой город» порталының хабарлауынша, тоғыз ауған азаматы шекараны кесіп өтіп, Жамбыл облысы аумағынан Қазақстанға кірген. Бүкіл республиканы басып өткен олар Бәйтерек ауданы, Дарьинское ауылының маңында Қазақстан-Ресей шекарасын заңсыз кесіп өткен.

Ауғандықтарды ресейлік қауіпсіздік күштері ұстаған.

ҚР ҰҚК БҚО бойынша шекара қызметіне редакцияның жазбаша сауалына «ақпарат жариялауға жатпайды» деп жауап берді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ауғанстан азаматтары туралы ақпаратты растап, аталған факті бойынша ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Тергеу департаменті 10 қазанында тіркеліп, іс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-бөлігі «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.