Алматы әуежайында авиациялық жанармай жетіспей жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, авиациялық отынмен қамтамасыз етудегі үзілістерге байланысты Алматы халықаралық әуежайы жолаушылар рейсін және коммерциялық жүктері бар рейстерді жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мақсатында техникалық жағдайда қонған рейстерге жанармай құюды тоқтатуды қарастыруда.
«Әуежай қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы бойынша жағдайды шешу мақсатында бірнеше шара қабылданған болатын.