Қостанай облысында мас күйінде көлік жүргізіп, 15 тәуілікке қамауға алынған бас имамның жамағаты Президентке үндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Айтуларынша, білдей бір облыстың имамы сыра ішті дегенге сенбейді.
Бізге видеомен дәлелдер көрсетсін, бұл мұсылмандарға әдие жасалған қастандық, егер бұл мәселе осылай қалатын болса Ақордаға дейін барамыз – дейді жамағат.
Ал ұсталған имамға байланысты, кейбір дереккөздері бойынша бұған дейін исламға жат қылығы жөнінде мүфтиятқа бір-екі мәрте арыз айтылған, бірақ Бас мүфти Наурызбай бас имамды тыйатын ешқандай шара қолданбаған.
Еске салсақ, Қостанай облысының бас имамы түнгі клубтың маңында мас күйінде көлік айдағаны үшін ұсталып 15 тәулікке қамауға алынған-тын. Кешкісін ҚМДБ оның қызметтен қуылғанын хабарлады.