Тағы да суицид. Астаналық 14 жасар қыз көз жұмды

Әлихан Асқақ

Қазақстанда тағы бір жасөспірім қыз суицидке барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Қайғылы оқиға Астана маңындағы елді мекендердің бірінде болды.

Жібек Жолы елді мекенінде жасөспірім қыз өзіне қол салғаны туралы ақпаратты Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

1 қазанда Аршалы ауданының полиция бөлімінің байланыс желісіне Астана қаласының тұрғынынан Жібек Жолы ауылында өз үйінің гаражында 2010 жылы туылған туысқан қарындасының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті, – дейді полициядағылар.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова мектеп оқушылары арасында өзіне қол жұмсау фактілерінің көбеюі оқушылар мен ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыруды талап ететінін айтқан еді.

Қазақстанда соңғы уақытта суицид жағдайлары жиілеп кетті.

Жуырда Almaty Management University студентінің мәйіті табылған болатын. 

Оның алдында сержант Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында суицид жасағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ 18 жастағы жігіт Алматыдағы Әуезов ауданындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен еді.

Таяуда Алматыда 12 жастағы жасөспірім қыз 13-қабаттан секіріп өзіне қол салған. Оның алдында екі оқушы қыз 8 қабаттан секіріп мерт болған еді. Жасөспірімдердің суицидін өзіне қол салуға итермелейтін қауіпті ойындармен байланыстырып жатқандар бар. Алайда бұл нұсқа ресми расталмады. Аталған фактілер бойынша тергеу жалғасып жатыр.