Тоқсаныншы жылдардың жұлдызы Рахат Тұрлыханов қайда жүр?

Ulysmedia

Тоқсаныншы жылдары «Асыл әжем» секілді әндерімен, ерекше жұмсақ, қоңыр дауысымен баршаны баураған Рахат Тұрлыханов бүгінде қандай да бір қоғамдық істерден, ресми лауазымдардан алшақтап, уақытын отбасына, саяхатқа арнауды шешсе керек деп хабарлайды оның әлеуметтік желідегі парақшаларын шолып көрген Ulysmedia.kz тілшісі.

Фото: ашық дереккөзден

Расында кезінде сахнаны дүркіреткен, белді әулетте тәрбиеленген, атақты палуан Дәулет Тұрлыхановтай көкесі бар әншіні әңгімеге тартпаққа тырысқанымызда, ол «Қазір ондай жобаларға (көпшілік ортада болу, танылу және тағы басқа – ред. еск.) қатыспаймын, көңіліңізге рахмет», – деп қысқа қайырды.

Әңгіменің әлқиссасы, 1984 дүниеге келіп, небары 15 жасында «Зимние ливни» әнімен эстраданы шулатқан кейіпкеріміз кенеттен сахнамен қоштасып, Англияда оқыды. Содан кейін, 2011 жылы Лондондағы Қазақстан елшілігінде істеп жүргенде жол-көлік ережесін жиі бұзып, айыппұл жағынан рекорд орнатқанның салдарында елге қайтты. Қазақстанда «Атамекен» одағында жастар кәсіпкерлігі департаментін басқарып үлгерді. Бүгінгі таңда нақты қандай қызметпен шұғылданатыны белгісіз, алайда инстаграм-парақшасында өзін кәсіпкермін деп көрсеткен.
 
Сонымен, желідегі суреттеріне қарасақ, Рахаттың қысқы маусымда аса қажет шаңғы спортымен, сноубордпен әуестенетінін, осылайша қалың қар басқан тау баурайымен сырғанауды жақсы көретінін көзіміз шалады.

Жалпы Рахат әлеуметтік желіде шетелде саяхаттаған сәттерімен жиі бөліседі. Жазда, әлбетте, Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, құмды төбелердің арасында арнайы көлікпен зулағанның, парашютпен Дубайдың үстінен секіргеннің ләззаты бөлек екені анық. 

Осы орайда, жоғарыда келтіргеніміздей, танымалдылық пен өнер иесі бүгінде отбасына, жақындарына көбірек уақыт арнауды ұйғарғандай. Әсіресе анасын айрықша қадірлейтіні аңғарылады. Туған күнінде суретінмен бөліскен.

Рахаттың өмірінде биыл үлкен жаңалық болғанға ұқсайды. Фейсбукте 21 маусымда статусын «помолвлен» деп өзгертті. Кейін мына суретін жариялады. Таңдаған жары осы қыз болса керек.

Ал бір суретте кезінде өзі «Азем» деп ән арнаған інісінің үйлену тойында түскені байқалады.

Еске салсақ, Рахат Тұрлыханов белгілі бизнесмен Болат Әбіловтың қызы Жәмила Әбіловамен оттасқан. Ортақ балалары бар. Олар үйленгенде БАҚ Әбіловтер мен Тұрлығановтар құда болды деп, біраз жырлаған.  Кейін жұлдызды жұп ажырасып кетті. Ал Жәмила қазір белгілі ресторатор Асқар Байтасовпен азаматтық некеде тұрады.