Ақтөбеде подполковник сарбазды жерге түскен кеспені жеуге мәжбүрлеп, соққыға жыққан. Алайда әскери қызметкер жазадан құтылып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БІРНЕШЕ САРБАЗ ТҮСКІ АСҚА КЕШІГІП БАРҒАН
Бұл туралы «Диапазон» басылымы жазды.
Ақтөбе гарнизонының әскери сотында сотталушылардың орындығында Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің зениттік зымыран дивизиондары штабының бастығы «51809» нөмірімен отырды. Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және қатардағы жауынгерді ұрды деп айыпталды.
Белгілі болғандай, ғимараттардың бірінде подполковник түскі асқа кешігіп келген бірнеше сарбазды байқаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Түркияға емделуге әкетілген Ербаянның жағдайы қалай
Қарулы күштерде соңғы төрт жылда 40 әскери қызметкер өзіне қол салған
Әңгімелесу барысында ол олардың біреуінің рюкзагынан бірнеше қорап тез дайындалатын ас тауып алып, мысқылмен «аштан өліп барасың ба?» деген. Артынша қатардағы жауынгерге кеспені қаптамадан тікелей жеуді бұйырған.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС НЕ ҮШІН ТОҚТАТЫЛДЫ?
Сарбаз оның орынсыз бұйрығын орындаудан бас тартқан. Бұл подполковниктің ашуын туғызып, ол алдымен қатардағы жауынгердің алақанымен құлағынан бірнеше рет ұрып, содан кейін жұдырықпен бетіне бірнеше соққы жасаған. Сараптама нәтижелеріне сәйкес, жәбірленушінің құлақ мембранасы мен сол құлақтың құлақ қалқаны жарылған.
Сотта айыпталушы өзінің әрекеті әскери тәртіпті бұзғанын түсініп, кінәсін толық мойындады. Алайда оған жаза тағайындалған жоқ. Жәбірленуші қатардағы жауынгер подполковникпен татуласқанын, оған ешқандай талап қоймайтынын айтты және соттан оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады. Ақтөбе гарнизонының соты осыны ескере отырып, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарды.
ӘСКЕРДЕГІ БУЛЛИНГ
Әскери саланы зерттеп жүрген журналист Амангелді Құрмет әскердегі, қала берді қоғамдағы буллинг қоғамның мәдени, құқықтық санасының көрінісі десе, әлеуметтік теория зерттеушісі Ғалым Жүсіпбек бүгінгі қазақ қоғамындағы зорлық, әлімжеттік, адам тұлғасын қастерлемеу сынды теріс әрекеттердің себебі тоталитар жүйемен тығыз байланысты екенін айтады.
АРМИЯДАҒЫ ӨЛІМ
Кейінгі жылдары «армияда көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екіншісі жан тапсырып жатыр. Жуырда «Оймаша» полигонында оққа ұшқан әкенің «жалғыз ұлымнан айырылдым» деп шырылдаған үні бүкіл қоғамды тағы дүр сілкіндіріп, осы үрейді үдете түскен. Ұзамай 10810 әскери бөліміне жақында ғана барған әскери қызметкер көз жұмған.