Терминалдар болмайды. Отбасы банкіндегі ипотеканы қалай төлеу керек

Әлихан Асқақ

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Отбасы банкі бүкіл Қазақстан бойынша төлем терминалдарының жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Енді операциялардың бәрі тек онлайн форматта жүзеге асады. Бұл туралы банк Instagram желісінде жазды.

Отбасы Банк толығымен жаңа цифрлық шешімдерге көшуде. Сізге енді банкке келіп, төлем терминалдарын пайдаланудың қажеті жоқ. Біз сіздердің уақыттарыңызды үнемдеп, қызмет көрсету сапасын арттыру жолында жұмыс істеудеміз, – делінген банк хабарламасында.

Отбасы банкіндегі тұрғын үй несиесін төлеу және депозитті толтыру үшін өзге банк қосымшаларын немесе e-gov-ты пайдалануға болады.