«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
7, 8 және 9 желтоқсан күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерде күн аяз болады.
Жылы Оңтүстік циклонын алмастыру үшін Атлант аймағынан суық антициклон қозғалуда. Суық ауа массаларымен қоректенетін ол жауын-шашынның тоқтап қалуына және ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеліп соғады.
Ал 7 және 8 желтоқсан түндері еліміздің солтүстігі мен шығысында термометр 22-30 аязды көрсетеді деген болжам бар.