Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны таксиде құны миллион теңгеден асатын заттарын ұмытып кеткен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Көлікте қалған чемоданның ішінде ноутбук, гаджет пен өзге де бағалы заттар болған.
Елордада «Аймақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Оның аясында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан Саденовке қала тұрғынынан алғыс хат жолданған. Ол «Есіл» ауданының учаскелік инспекторы Рат Абсатовқа жедел қызметі және кәсібилігі үшін ризашылығын білдірген.
Елорда тұрғыны таксиде ноутбук, гаджет пен өзге де құнды заттар салынған чемоданын ұмытып кеткен. Учаскелік инспектордың шапшаңдығының арқасында автокөлік иесі табылып, заттар тұрғынға қайтарылды.