Қазақстан не себепті дамымай жатыр – сарапшы пікір білдірді

Қалижан Бектемір

Mazmundama жобасының авторы, баспагер Шыңғыс Мұқанның айтуынша, мұның бәрі қазақ тіліне, қазақша контентке қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ, КОНТЕНТІҢДІ ТҮЗЕ»

Ол АҚШ-та оқып жүргенінде осы мәселеге қатысты зерттеу жасағанын айтты.

2016 жылы Америкаға бардым. Ол жерде Гарвард университетіне оқуға түстім. Сонда 2 жыл тұрдым. Мықты профессормен курстық жұмыс істедік. «Қайтсек Қазақстанды дамыта аламыз» деген тақырып бойынша 6 ай бойы зерттеу жасадым. Қазақстанда сөйлейтін  халықтың тілінің контенті дамыса, яғни ақпарат көп болса, сол халық та дамиды. «Не себептен Қазақстан дамымай жатыр?» деген ой келетін болса, көп фактордың бірі қазақ тілінің контентінің дамымай жатқаны. «Mazmundama»-ның мақсаты – қазақ тілінің мазмұнын дамыту, – дейді Шыңғыс Мұқан. 

ШЫҢҒЫС МҰҚАН

«Жас Алаш» газетінде тілші, бұрынғы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде баспасөз хатшы, БҚО-дағы «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры, БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары, Президент әкімшілігінде Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, KazPetroDrilling АҚ Корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті , Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары сынды қызметтер атқарған.

Бүгінде «Мазмұндама» ҚҚ төрағасы.

Еске салсақ, бұған дейін ол «әйел көп білім алса, бала туу азаятынын» мәлімдеген болатын.